Бас тақырыпЖаңалықтар

Мерекедегі мерейлі іс

Президент тапсырмасына сай, елімізде «Достық үйлері» мен этномәдени орталықтар көптеп ашылуда. Елбасы еңбек жолын бастаған Теміртау тұрғындары да ортақ істен қалыс қалмады. Металлургтер күні қарсаңында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жанында құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктер орталығының ашылу салтанаты өтті.

Қазақ жеріне «Магнитка» салу жөнінде қаулы шыққан кезде КСРО-ға қарасты республикалардан мыңдаған жас Теміртауға қарай ағылды. Алып өндіріс ошағының іргесін көтеруге атсалысқан жалынды жастардың дені осы өңірде тұрақтап қалды. Бүгінде солардан тараған ұрпақ ата жолын жалғап, болат қорытып, шойын балқытып жүр. Осыны еске салған ақсақалдар алқасы этномәдени орталық ашу идеясын қолдап, жүзеге асырған азаматтарға разылықтарын білдірді.

Орталықтың ашылу салтанатына «АрселорМиттал Теміртау» АҚ директорының міндетін атқарушы, Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Вадим Басин, «Қоғамдық келісім» КММ директоры Ерлан Құсайын, металлургиялық комбинат ардагерлері – Әлішер Жақыпбеков және Ілияс Баймұрзаев қатысты.

Кеңес құрамына қаланың қоғамдық және этномәдени бірлестіктерінің өкілдері кірді. Негізгі міндет – мемлекеттің және қоғамның дамуының стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу, тұрақтылықты нығайту, азаматтық бейбітшілік, әлеуметтік келісім және ұлттық бірлікті нығайту жөніндегі бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі шарттарын қамтамасыз ету.

Салтанатты шараның соңында жаңа орталыққа Қазақстан халқы Ассамблеясының туы салтанатты түрде табысталып, естелік кітаптар сыйланды.

Нұрлыхан ҚАЛҚАМАНҰЛЫ,
«Орталық Қазақстан»

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button