АймақБалқашБас тақырып
6 шілдеде Балқаш қаласында 8 бала дүниеге келді
6 шілдеде, яғни, Астана қаласының 25 жылдығында Балқаш қаласында 8 сәби дүниеге келді. Оның 4-еуі – қыз, 4-еуі – ұл. Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Саягүл Жақсылықова қалалық көпсалалы ауруханаға арнайы барып, отбасы мүшелерін құттықтап қайтты.
Мейрам күнінде кішкентайлы болып жатқан аналардың қуанышында шек жоқ. Әрі кішкентайлы болып жатқан аналардың басым бөлігі – жастар екен. Жас аналарды қала әкімінің орынбасары арнайы барып, гүл шоқтарын табыстады. Әрі қала әкімінің алғыс хаты мен сыйлығын жеткізді.
Аида РАХЫМҚҰЛОВА,
Ortalyq.kz