Бүгін ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында Саран қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында көп балалы және толық емес отбасыларға, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға, жетім балаларға, 1 «а» шағын ауданы, 28 үй мекенжайы бойынша 100 пәтерлік бес қабатты үйдің кілттерін табыстау салтанаты өтті.

Пәтерлердің кілтін қала әкімі Еркін Баулықов табыстап, мереке қарсаңында баспаналы болып жатқан отбасыларға толағай табыстар тіледі.
Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ