Бас тақырып

Мереке қарсаңында ұстаздарға пәтер мен ақшалай сыйлықтар табысталды

Кеншілер мәдениет сарайында Ұстаздар күніне арналған «Қалдырған ізің мәңгілік» мерекелік концерті өтті. Шара шымылдығын облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ашып, мереке иелерін құттықтады. Кәсіби мереке аясында қарағандылық мұғалімдерге құрмет көрсетілді. Бұл күні ұстаздарға жылы лебіз, құттықтаулар, гүлдер, марапаттар, музыкалық шашу және тосын сыйлар болды.

Суреттер облыс әкімдігінің сайтынан

Салтанатты шара барысында шәкірт тәрбиелеумен 40 жыл айналысқан тәжірибелі маман Жәмилә Ахмадиева мен жас дене шынықтыру мұғалімі, балалар үйінде тәрбиеленген Владимир Бородастовқа екі бөлмелі пәтер кілтін табысталды. Бұл қос ұстазға күтпеген мерекелік сый болды.

Облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев арнайы комиссия құрылып, пәтер кезегінде тұрғандардың тізімі мұқият талданғанын айтты. Жәмилә Ахмадиева «Бақыт» балабақшасында жұмыс істейді. Бірақ заң бойынша зейнеткерлікке шыққаннан кейін ол 20 жылға жуық тұрған тұрғын үй кезегінен шығарылған екен.

– Балам екеуміз ылғи пәтер жалдап тұрдық. Жыл сайын көшу-қону. Қазір менің төрт немерем бар. Өзім зейнеткермін. Бірақ өз жұмысымды сүйгендіктен жалғастыра берем. Бұл оқиға шынымен де менімен болып жатқанына әлі сенбеймін. Эмоцияларым шексіз. Менің арманымды жүзеге асырғандардың барлығына рахмет – енді өз баспанам бар, – дейді тәрбиеші Жәмилә Ахмадиева.

Мақаланың толық нұсқасын газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.

Жан АМАНТАЙ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button