АймақБұқар жырау

Мерейтойлық көшпелі көрме

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Соған орай Қарағанды облысы этномәдени бірлестіктері жетістіктіктерінің көшпелі көрмесі Бұқар жырау аудандық Мәдениет үйінде көпшілікке көрсетіліп, таныстырылды. Мұнда облысымызды мекендеген түрлі ұлттардың көздің жауын алатын қолөнер бұйымдары көрген жанды сүйсінткендей.

Суреттерді түсірген Жанұзақ Макишев

Мерейтойлық мәдени шараға Қарағанды облысы ҚХА төрағасының орынбасары, облыстық мәслихаттың депутаты Игорь Жабяк, облыстық ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Айжан Қиясова, “Қоғамдық келісім” мекемесінің директоры Гүлнара Қасембаева, “Дагестан” ұлттық-мәдени орталығының төрағасы Рамиз Ширинов, Бұқар жырау ауданы әкімінің орынбасары Әлия Шайкенова,аудандық Аналар және Ақсақалдар кеңестерінің төрағалары Сәуле Артықбаева мен Мұрат Исабаев , этномәдени бірлестіктер өкілдері қатысып, жұртшылықпен жүздесті. Келген меймандар жергілікті өнерпаздардың ән мен күйіне сусындап қайтты.

Ержан ИМАШ,
Бұқар жырау ауданы

Басқа материалдар

Back to top button