Жаңалықтар

Мерейлі тарту

     Қарағандыдағы №30 орта мектепте Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Айналайын, Қазақстан – Гүлстан» атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға қазақ сыныптарының оқушылары ұйытқы болды.

     Мектеп директоры Майра Нұртазина құттықтау сөз сөйлеп, еңбекте үздік көрінген ұстаздарды марапаттады. Аталмыш шараның ойдағыдай өтуіне директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Мәрзия Шаяхметова, мектеп тәлімгері Ақбота Нүркейбекова және музыка пәні мұғалімі Рая Мейірман үлкен жауапкершілікпен атсалысты. Сол сияқты мектептің қазақ сыныптарының ұстаздары өнер көрсетті. Бұл күні жас жеткіншектерді «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі де болды. Олар жиналған ел алдында ант қабылдады. Іс-шара «Атамекен» әнімен тәмамдалды.

Гүлбақыт ЖҰМАБЕКОВА,

30 орта мектептің қазақ тілі мен

әдебиеті пәні мұғалімі.

ҚАРАҒАНДЫ қаласы.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button