АймақБалқашЖаңалықтар

Мерейлі отбасының жауапты қадамы

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының қалалық кезеңінің жеңімпазы Балтабаевтар отбасы Балқаш қаласындағы №216 сайлау учаскесіне келіп, республикалық референдумға қатысып, өз таңдауларын жасады.

Сурет автордан

Қоғамға өнеге болып жүрген үлгілі отбасы мүшелері бұл маңызды саяси науқаннан шет қалмай, ел болашағына бейжай қарамайтындықтарын тағы бір мәрте дәлелдеді. Бір шаңырақ астында татулық пен берекені ту еткен Балтабаевтар отбасы референдум учаскесіне бірге келіп, азаматтық ұстанымдарын білдірді.
Отағасы Жанболат Балтабаев дауыс беру – әр азаматтың ел алдындағы жауапкершілігін айқындайтын маңызды қадам екенін атап өтті.

– Дауыс беру – елімізде өмір сүретін әр азаматтың азаматтық борышы. Әркім ел тағдырына бейжай қарамай, өз таңдауын жасауы керек. Біздің бүгінгі қадамымыз – ел болашағына деген сенімнің белгісі, – деді Жанболат Балтабаев.

Ал, отанасы Айгерім Аупешова да бұл сәттің маңыздылығына тоқталып, отбасы болып референдумға қатысудың ерекше мәні бар екенін жеткізді.

– Бұл – менің балаларымның болашағы үшін аса маңызды қадам. Сондықтан, мұндай жауапты сәттен тыс қалмауымыз керек. Балаларымыз да ел тағдырына жауапкершілікпен қарауды осы арқылы түсінеді, – деді ол.

Нұрдос КӘРІМ
«Ortalyq Qazaqstan»

БАЛҚАШ

Басқа материалдар

Back to top button