АймақҚарағанды

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңі басталды

Қарағанды облысында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына құжаттарды қабылдау басталды. Байқау аясында ең үлгілі отбасы анықталатын болады.

Сурет ұйымдастырушылардан

Құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 15 мамыр мен 15 маусым аралығында қала және аудан әкімдіктері арқылы жүзеге асырылады.

Отбасыларды іріктеу екі кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең – қалалар мен аудандар деңгейінде (аудандық/қалалық кезең);
Екінші кезең – облыстық кезең.

I тур – қалалар мен аудандарда 2025 жылдың 27-ші маусымына дейін өткізіледі.
1 шілдеде қалалық және аудандық комиссиялар қорытынды шығарып, жеңімпаз отбасылардың портфолиосын облыстық комиссияға жолдайды.

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңі 2025 жылғы тамыз айында өтеді. Облыстық кезеңнің жеңімпаз отбасы қыркүйек айында Астана қаласында өтетін республикалық кезеңде Қарағанды облысының намысын қорғайтын болады.

Басқа материалдар

Back to top button