Аймақ

Мерей тасыған күн

Приозерск қаласында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Ата Заңым – ардағым» атты мерекелік шара өтті. Салтанатты шараға қатысқан шаһар басшысы Нұрлан Ламбеков барша қала жұртшылығын мерекемен құттықтап, Ата Заңның тәуелсіз Қазақстан тарихында алар орнының ерекше екенін атады.

 

– Ата Заң – қастерлі құжат, тұрақ­тылық пен татулықтың биік тұғыры. Оның іргетасы тарихтың тереңінде жатыр. Егемен еліміздің негізгі заңының қабылдануы – тәуелсіз Қазақстан тарихындағы аса маңызды оқиғалардың бірі, – деді қала басшысы Нұрлан Ламбеков.

Бұдан бөлек мерекелік шарада қаланың дамуына үлесін қосып жүрген бір топ азаматтар қала әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хаттарымен марапатталды. Приозерск қаласы полиция бөлімі жергілікті полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Абылайхан Кеңесов, полиция бөлімінің инспекторы Бибінұр Аманқұлова, полиция бөлімі кеңсесінің жетекші маманы Айгерім Кеңесова, Приозерск қалалық сотының автокөлік жүргізушісі Елдос Оразбайұлы қала әкімінің Құрмет грамотасына және Приозерск қалалық полиция бөлімінің ювеналды полиция тобының инспекторы Тұңғышбай Айдарбаев Алғыс хатқа ие болды. Сонымен қатар, қалалық мәслихат төрағасының Алғыс хатымен Приозерск гарнизоны әскери прокуратурасының іс жүргізу бойынша инспекторы Азамат Алмасұлы, Приозерск қалалық сотының еңбек шарты бойынша қызметкері Марал Орынбекқызы, Приозерск қаласының полиция бөлімі, патрульдік полиция тобының инспекторы, полиция лейтенанты Самат Маратұлы және полиция бөлімінің кезекші көмекшісі полиция сержанты Еркебұлан Сәкенұлы марапатталды.

Ата Заңның қасиеті мен маңыздылығы дәріптелген мерекелік шарада отаншылдық тақырыбындағы патриоттық әндер шырқалып, театрландырылған музыкалық хореографиялық қойылым көрермен назарына ұсынылды.

Нұрдос КӘРІМ,
«Ortalyq Qazaqstan»
ПРИОЗЕРСК

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button