Менингококк инфекциясының алдын алу
2024 жылы Қарағанды облысында менингококк инфекциясының 9 жағдайы, 14 жасқа дейінгі балалар арасында 8 жағдай тіркелді, ауырғандар арасында балалардың үлес салмағы 89% құрайды.

Ағымдағы жылғы 17 ақпандағы жағдай бойынша облыста менингококкты инфекциямен сырқаттанушылықтың 2 жағдайы тіркелді, науқастардың жалпы санының негізгі үлесін 14 жасқа дейінгі балалар құрайды – 100%.
Менингококк инфекциясы – әртүрлі клиникалық көріністермен – ауру белгілерінсіз таралумен, мұрын-жұтқыншақ (мұрын мен жұтқыншақтың шырышты қабығының қабынуы), менингитпен (ми қабығының қабынуы) және менингококкты сепсиспен (қанмен улану) жүретін бактериялық тектес жіті инфекциялық ауру.
Инфекция көзі – ауру адамдар және “сау таратушылар”, яғни клиникалық көріністері жоқ, бірақ менингококкты тасымалдаушылар.
Менингококк инфекциясының жиілігі маусымдылықпен сипатталады – ауру көбінесе қыста және ерте көктемде тіркеледі.
Инфекция ауа тамшылары (жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде) арқылы беріледі. Инфекцияның қоздырғышы сыртқы ортада өте тұрақсыз. Микробтар сау адамның денесіне жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабаты арқылы науқас адаммен немесе ауру тасымалдаушымен ұзақ және тығыз байланыста болғанда жұғады. Инфекцияны жұқтырғаннан бастап аурудың басталуына дейін бір күннен он күнге дейін созылады. Науқас бірінші күннен бастап айналасындағыларға жұқпалы болады.
Менингиттің алғашқы белгілері қарапайым суық тиюге (дене қызуының жоғарылауы, бас ауруы) ұқсас келеді. Медициналық көмекке уақтылы жүгінбеген жағдайда өлімге әкелуі 50%-дан асады.
Негізгі клиникалық көріністерге мыналар: дене температурасының 39,0°C дейін және одан жоғары температураға күрт жоғарылауы, бас ауруының төзімсіз болуы, жеңілдік әкелмейтін, жүрек айнусыз құсу, геморрагиялық бөртпе, тыныс алудың бұзылуы, сананың шатасуы жатады. Инкубациялық кезең 1-ден 10 күнге дейін (орта есеппен 4 күн).
Бұл аурудың алдын – алудың нақты шарасы – вакцинация. Бүгінгі таңда кейбір елдерде менингококк инфекциясының вакциналық профилактикасы тегін жүргізіледі.
Қазақстан Республикасында менингококк инфекциясына қарсы вакцинация профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесіне кірмейді. Менингококк инфекциясына қарсы вакцинация қажылыққа ақылы негізде баратын адамдарға жүргізіледі.
Маңызды алдын алу шаралары – науқастар мен инфекция тасымалдаушыларын анықтау және оларға санация жүргізу, аурудың белгілері пайда болған кезде дәрігерлерге ерте жүгіну. Менингококк инфекциясын жұқтырудың алдын алу үшін сізге қажет:
Маңызды алдын алу шаралары – науқастар мен инфекция тасымалдаушыларын анықтау және оларды қалпына келтіру, аурудың белгілері пайда болған кезде дәрігерлерге ерте жүгіну.
Менингококк инфекциясын жұқтырудың алдын алу үшін:
– суық тиюден сақтану;
– адамдар көп жиналатын орындарға баруды шектеу;
– үй-жайларды күнделікті желдету және ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізу;
– жеке гигиена ережелерін сақтау – қолды мүмкіндігінше жиі жуу,
– дәрумендерге бай тағамдарды тұтыну, иммунитетті нығайтуға арналған шараларды орындау, денені физикалық жаттығулармен шынықтыру;
– суық тию құбылыстарымен (мұрыннан су ағу, жөтел және т.б.) болатын ауруларға баса назар аудару, температура, қатты бас ауруы пайда болған кезде дереу медициналық көмекке жүгіну.
Г.БАЙГУТАНОВА,
Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаменті басшысының орынбасары