Менингококк инфекциясы: белгілері, асқынуы және алдын алу жолдары
Ауа-тамшылы жолмен берілетін инфекцияларға жататын жұқпалы аурулардың бірі – менингококк инфекциясы. Менингококк инфекциясының жиілігі маусымдылықпен сипатталады – көбінесе қыста және ерте көктемде тіркеледі.

Ауру тудыратын бактериялар басқа адамдарға жұғады, олар жөтелгенде, түшкіргенде, ауру адамдармен және инфекция көзі болып табылатын, яғни ауру белгілері жоқ, бірақ менингококк инфекциясы бактерияларының тасымалдаушысы болып табылатын сау тасымалдаушылармен сөйлескенде сыртқы ортаға шығарылады.
Инкубациялық кезең 1-ден 10 күнге дейін (орта есеппен 4 күн).
Ауру кенеттен басталады, қатты бас ауруы, дене қызуы 39-40°C дейін көтеріледі, әлсіздік, құсу пайда болады, денеде, теріде жұлдыздар түрінде бөртпе пайда болады. Менингококк инфекциясы адамның өліміне әкелуі мүмкін әртүрлі асқынулармен аса қауіпті.
2025 жылы Қарағанды облысында менингококк инфекциясының 11 жағдайы тіркелді, науқастардың жалпы санының негізгі үлесін 14 жасқа дейінгі балалар – 100% құрайды.
Бұл аурудың алдын – алудың нақты шарасы – вакцинация. Бүгінгі таңда кейбір елдерде менингококк инфекциясының вакциналық профилактикасы тегін жүргізіледі.
Қазақстан Республикасында менингококк инфекциясына қарсы вакцинация профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесіне кірмейді. Менингококк инфекциясына қарсы вакцинация қажылыққа баратын адамдарға ақылы негізде жүргізіледі.
Маңызды алдын алу шаралары – науқастар мен инфекция тасымалдаушыларын анықтау және оларға санация жасау, аурудың белгілері пайда болған кезде дәрігерлерге ерте жүгіну.
Менингококк инфекциясын жұқтырудың алдын алу үшін:
– суық тиюден сақтану;
– адамдар көп жиналатын орындарға баруды шектеу;
– үй-жайларды күнделікті желдету және ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізу;
– жеке гигиена ережелерін сақтау – қолды мүмкіндігінше жиі жуу,
– дәрумендерге бай тағамдарды тұтыну, ағзаның күшін арттыруға арналған препараттарды қабылдау, денені физикалық жаттығулармен шынықтыру;
– суық тию құбылыстарымен (мұрыннан су ағу, жөтел және т.б.) болатын ауруларға байыпты қарау, температура, қатты бас ауруы пайда болған кезде дереу медициналық көмекке жүгіну.
Гүлжан БАЙГУТАНОВА,
Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау департаменті басшысының орынбасары



