Менингит: негізгі белгілері мен алдын алу жолдары
Менингит – ми мен жұлын мембраналарының қабынуынан туындайтын қауіпті ауру, ол өте тез дамып, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. Қазақстанда менингококк инфекциясының өршуі негізінен көктем-жаз кезеңінде байқалады. Бұл аурумен әсіресе балалар, жасөспірімдер және 30 жасқа дейінгі жастар ауырады.

Аурудың себептері:
Менингитті вирустар, бактериялар немесе саңырауқұлақтар тудыруы мүмкін. Ең қауіпті бактериялық түрі – менингококкты менингит, бұл әсіресе адамдар көп жиналатын жерлерде — мектептерде, жатақханаларда, көліктерде, базарларда ауа тамшылары арқылы беріледі.
Негізгі белгілері:
- дене температурасының күрт көтерілуі;
- бастың қатты ауруы;
- жүрек айну және құсу;
- желке бұлшықеттерінің қатып қалуы (басты алға қарай еңкейту мүмкін емес);
- жарық пен дыбыстарға сезімталдық;
- бұлшық еттердің тартылу-ұстамалары, естен тану;
- жас балаларда – әлсіздік, құсулар, тамақтан бас тарту, еңбегінің тартылып тұруы немесе дөңес болуы.
Минингиттің алдын алу!
- Вакцинациялау.
Қазақстанда менингококк инфекциясына қарсы вакцина әсіресе балаларға, студенттерге, әскери қызметкерлерге және көптеген қатынастармен байланысты қызметкерлерге ұсынылатын тізімге кіреді. Вакцинацияларды мемлекеттік және жеке клиникаларда жасауға болады.
- Гигиена және сақтық.
- Қолыңызды сабынмен жиі жуыңыз, әсіресе көшеден келгеннен кейін және тамақтанар алдында.
- Басқа адамдардың сүлгілерін, ыдыс-аяқтарын, гигиена құралдарын пайдаланбаңыз.
- Эпидемиологиялық жағдай нашарлаған кезде адамдардан көп жиналатын жерлерге бармаңыз.
- Бөлмелерді желдетіңіз, ылғалды тазалаулар жүргізіңіз.
- Иммунитетті күшейтіңіз.
Дұрыс тамақтану, жеткілікті ұйқы, физикалық белсенділік, таза ауа ағзаның инфекциялармен күресуіне көмектеседі.
Маңызды: аурудың алғашқы белгілері білінісімен – дереу дәрігерге қаралыңыз! Өзігіңізден емделумен айналыспаңыз. Егер менингитке күдігіңіз болса, шұғыл медициналық көмекке жүгіну керек – емдеу неғұрлым ерте басталса, толық қалпына келу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.
Өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз! Ақпараттандыру және уақтылы алдын алу өмірлерді сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Вакцинация және алдын алу мәселелері бойынша тұрғылықты жерлеріңіз бойынша емханаларға немесе ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің call-орталығына хабарласыңыз.
С.ИРИСТАЕВ,
Шахтинск қалалық санитариялық – эпидемиологиялық бақылау
басқармасының басшысы