БілімЖаңалықтар

Менің арманым

Мұғалім менен «Кім болғың келеді?» деп сұрады. Бұл сұраққа көп. ойландым.

«Менің атым Қожа» фильміндегі Қожа, Сұлтан, Жанар ойыма келді. Менің де сол балалар сияқты кинода ойнап, актер болғым келеді. Сол арманыма жету үшін ең əуелі барлық пəнді беске оқуым қажет. Сосын университетке актер мамандығына тапсырамын. Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясына түсіп, театр жəне кино актері болсам керемет емес пе?!

Т.Кәрібаев – «Зарплата» фильміндегі Кешаның рөлінде

Маған кинолардағы актерлер сияқты сөйлеген ұнайды. Өлеңді, көркем мəтіндерді мəнерлеп оқи аламын. Үлкендерді күлдіріп, əзіл де айта аламын.

Достарым маған актер болған жарасатынын айтады. Мұғалімдерім де «Сен еркін сөйлеп, ойыңды толық жеткізе аласың. Достарыңды да күлкіге қарық қылып жүресің, актер болуың керек», – дейді. Жақында «Oskar Kazakhstan» балалар киностудиясының қысқаметражды екі жобасында басты рөлде ойнадым. Менің ойнау мəнерім режиссеріме қатты ұнады. Ұстаздарым да, достарым да жоғары бағалады. Өзіме əсіресе, «Зарплата» фильміндегі мейрамхана əкімшісі Кешаның рөлі керемет əсер етті.

Ұстаздарым актер болу үшін шешен сөйлеу керек дейді. Ал, шешен сөйлеу үшін əдеби кітаптарды көп оқимын. Маған болашақта жақсы актер болу үшін əлі көп дайындық керек. Балаларға арналған актерлік шеберлік курстарына қатысып, сахна тілін меңгеру үстіндемін. Кейде үйде жалғыз қалғанда, қойылымдардағы батырлар рөлінде ойнаймын. Ата-анам, достарым мысалға келтіріп, осы рөлді ойнап берші десе, ойнап бере аламын. Кейде қазақтың хандары, батырлары туралы неше түрлі идеялар ойыма келеді. Соның бəрін. кино ретінде түсіргім де келеді.

Ал, өзім Қарағандыдағы Сəкен театрының қойылымдарын тамашалауға құштармын. Мұндағы кəсіби актерлердің шеберлігінен көп нəрсе үйренуге болады. Əйгілі актер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Кеңес (Жұмабеков) атадан бата алдым. Ол кісінің батасы мені қанаттандырды. Болашақта Кеңес атам сияқты атақты актер болғым келеді. Арманыма жетіп, ата-ана, ұстаздарымның үмітін ақтау үшін ізденуден жалықпаймын!

Тоқтар КƏРІБАЕВ,

Мағжан Жұмабаев атындағы мектептің 6-сынып оқушысы

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button