Жаңалықтар

«Мен – Отан қорғаушымын!»

Ішкі істер министрінің орынбасары-Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының бұйрығына сәйкес әскери қызметшілердің балалары арасында құқықтық тәртіп әскерінің имиджін арттыру мақсатында «Мен Отан қорғаушымын!» фотобайқауы өткізілді.

Суреттер автордан

Байқау балалардың бойында патриоттық сезімдерді тәрбиелеу, Отанға құрмет көрсету және әскери қызметтің беделін арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Байқауға қатысушылардың жас мөлшері 3-10 жас аралығында болуы шарт. Олар әскери киім киіп, өздері жайлы барынша ақпарат беру керек.

Фотобайқауға барлық өңірлік қолбасшылықтан, Ұлттық ұлан Академиясынан және тікелей бағыныстағы әскери бөлімдерден 90-нан астам өтінім келіп түсті. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР Ұлттық ұланының Instagram-дағы ресми аккаунтында жиналған дауыс саны арқылы анықталды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша І орынды 5451 әскери бөлімінің аға маманы қатардағы Балжан Тұрсынованың 1433 дауыс жинаған ұлы Рамазан Тұрсын иеленді. 

Байқауда төрт жастағы Рамазан әскери далалық ортада байланыс маманының  қызмет атқарып жатқан кейіпте суретке түскен. Анасы ефрейтор Балжан Тұрсынова қазіргі уақытта Ұлттық ұлан Орталық өңірлік қолбасшылығына қарасты 5451 әскери бөлімінде байланыс торабының аға маманы болып қызмет етуде.

– Рамазанның алғашқы жеңісі әулетіміз үшін үлкен жетістік болды. Бүгін ол өзінің ер мінезді тұрыс келбеті мен қылығы арқылы баршаға танылса, болашақта да үлкен азамат болады деп сенемін. Қолдау көрсеткендеріңіз үшін алғысымды айтамын, – деді анасы ефрейтор Балжан Тұрсынова.

Алияр ДҮЙСЕНБАЙ,
ҚР Ұлттық ұланы Орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметкері.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button