Жаңалықтар
Мен кінәмді мойындамаймын – Қуандық Бишімбаев
Жұбайы Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған Қазақстан Республикасының бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев 2024 жылдың 11 наурызында сотта өз ұстанымын білдірді, деп хабарлайды ortalyq.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Сотталушы Қуандық Бишімбаев өз кінәсін мойындамайтынын айтты.
– Мен тағылған айыптың мәнін түсінемін, бірақ өз кінәмді мойындамаймын, – деді ол.
Ол, сондай-ақ негізгі сот отырысын алқабилер мен БАҚ өкілдерінің тікелей қатысуымен өткізуді сұрады.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА