Меморандумға қол қойды
Қарағандыдан шыққан «Елтану» республикалық экспедициясы Павлодар қаласында жергілікті этномәдени бірлестіктер, «Жаңғыру жолы» РЖҚ штабы өкілдері мен Қ.Даржұман атындағы Ұлттық жаңғыру мектебінің мұғалімдерімен кездесті.
Экспедиция бұған дейін Бұқар жырау, Мұса Шорманұлы, Мәшһүр Жүсіп кесенелеріне, Қаныш Сәтбаев мұражайына, Қоңыр әулие үңгіріне, Сақ қорғандары және Баянауыл ауданының басқа да қасиетті орындарын аралады.
Экспедиция мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, еліміздің бірегей тарихи-мәдени мұрасын жастарға таныту. Біз киелі жерлермен жақынырақ танысуға мүмкіндік алғанымызға қуаныштымыз, – деді Қарағанды облысының ҚХА Жастар қанаты басшысының орынбасары Ханануз Расулова.
Кездесуде «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының Павлодар және Қарағанды облыстары штабтары өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Өз тілшімізден.