Аймақ

Мемлекеттік қызметте адам ресурстарын дамыту орталығының алғашқы отырысы өтті

Кеше Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ербол Жолданғардың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалының жанынан жаңадан құрылған Мемлекеттік қызметте адам ресурстарын дамыту орталығының алғашқы отырысы өтті.

 

Отырысқа жергілікті атқарушы органдары мен орталық мемлекеттік органдары аумақтық бөлімшелерінің персоналды басқару қызметтерінің қызметкерлері және бейнебайланыс форматында Қарағанды облысының қалалары мен аудандары әкімдерінің аппарат басшылары қатысты.

 Орталықтың отырыстары тоқсан сайын өткізілетін болады және онда мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманың жаңалықтары, оның ішінде халықтың кең ауқымына түсініктеме беруді талап ететін сұрақтарға жауаптар, іріктеу рәсімдерін талдау нәтижелері, мемлекеттік қызметті өткеру және тоқтату, сондай-ақ тәртіптік тәжірибе бойынша сұрақтар талқыланады.

 

Жалпы осы Орталықтың ашылуы мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметтері үшін өте бір жақсы, қолайлы жағдай деп айтуға болады, өйткені осы Орталық мемлекеттік қызметтегі келелі, өзекті мәселелерді талқылап, пікір алмасуға мүмкіндік беретін ашық алаң болатыны анық.

Отырыс барысында Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына оқуға түсу, «Е-қызмет» жүйесінде ағымдағы жылдың 5 айындағы жұмыс қорытындысы, Мемлекеттік органдардың «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын келісу,  «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, жиын барысында мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға жоспарланған өзгерістер мен толықтырулар жөнінде де айтылып өтті.

Отырыс барысында тараптар мемлекеттік қызметтегі үдерістерді жетілдіру бойынша өз ұсыныстарымен бөлісті, сондай-ақ іс-шара барысында қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА,

ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button