Мемлекеттік қызметшілермен әдеп нормаларын сақтау бойынша кездесу өтті
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Қайсар Акбаров Қарағанды бойынша көліктік бақылау инспекциясының мемлекеттік қызметшілерімен әдеп нормаларын сақтау, құмар ойындарға қатыспау, қызметтік шектеулерді сақтау, сондай-ақ, әлеуметтік кепілдіктер туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында Әдеп кодексінің негізгі талаптары түсіндіріліп, қызметтік әдепті сақтау – қоғам сенімінің негізі екені атап өтілді. Мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындар ойнауына қатаң тыйым салынған және мұндай әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылған.
Қызметтік мүдделер мен жеке мүдделер арасындағы қақтығыстарды болдырмау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу шаралары талқыланды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің еңбек жағдайы, әлеуметтік кепілдіктері мен құқықтары туралы ақпарат берілді.
Мұндай іс-шаралар мемлекеттік қызметшілер арасында заңдылықты нығайтып, адал қызмет етуге ынталандырады.