Жаңалықтар
Мемлекеттік қызметшілерге заңнамадағы өзгерістер түсіндірілді
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Бахтияр Макеев мемлекеттік қызметшілер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтік тәртіпті күшейту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, жиынға қоғам белсенділері қатысып, отбасы құндылықтарын нығайту, сал-дәстүрлерді құрметтеу бойынша бағыт бағдар берді.
Іс-шараның қорытындысы бойынша қатысушыларға тиісті ұсыныстар берілді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаменті



