Мемлекеттік қызметшілер бақ сынасты
Мемлекеттік қызметшілер арасында дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан спартакиада өз мәресіне жетті. Биыл ХХІІІ мәрте ұйымдастылып отырған спартакиадаға Қарағанды облысының аудан және қала әкімдіктерінің қызметкерлері, олардың құрылымдық бөлімшелерінің мамандары қатысты. Олар спорттың төрт түрінен сынға түсіп, өзара мықтыны анықтады.
Волейболдан Ақтоғай ауданының спортшылары қарсылас шақ келтірмеді. ІІ орынды – Қарқаралы ауданының, ІІІ орынды – Нұра ауданының командасы иеленді. Ал, шағын футболдан Қарағанды облысының командасы үздік деп танылды. ІІ орынды – Балқаш, ІІІ орынды – Қарағанды командасы жеңіп алды.
Үстел теннисінен Абай ауданының спортшылары үздік шықты. Қарқаралы ауданы – күміс, Приозерск қаласы – қола жүлдені қоржынға салды.
«Жүзу» спортынан Қарағанды облысының мемлекеттік қызметшілері үздік шықты. ІІ орынға – Саран, ІІІ орынға – Теміртау командасы табан тіреді.
Жалпы командалық есепте Қарағанды облысының құрама командасы І орын иеленіп, Талдықорғанда өтетін мемлекеттік қызметкерлер арасындағы республикалық спартакиадаға жолдама алды.
Ербол ЕРБОЛАТ,
Ortalyq.kz