Жаңалықтар

Мемлекеттік қызметші – ел айнасы

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті жиыны өтті. Онлайн жиынды Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Айгүл БАЙХАНОВА тізгіндеп, атқарылған жұмыстардың есебіне құлақ түрді.

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында профилактикалық бақылау бойынша жүргізілген тексерістердің нәтижелері туралы мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Данияр Әбдірахманов баяндады.

Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Департамент 7 мемлекеттік органда профилактикалық бақылау жүргізіп, нәтижеcінде 474 бұзушылық анықталды. Құқық бұзушылықтардың басым бөлігі – 40%-ы (191) бос әкімшілік лауазымға орналасуға конкурстар өткізу тәртібі кезінде, 23%-ы (111) мемлекеттік қызметшілерге қызметтік тізімді толтыру және қызметтік тізім нысанын қамтамасыз ету, 18%-ы (86) мемлекеттік қызметшілерді бағалау кезінде, 8%-ы (37) мемлекеттік қызметшілердің сынақ мерзімі уақытында тәлімгер бекіту кезінде, 5%-ы (24) мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану кезінде, 2%-ы (11) қызметшілердің лауазымдық өкілеттіктерін нұсқаулықтарды жасау және бекіту кезінде, 1%-ы (7) мемлекеттік қызметшілердің қайта даярлау біліктілігін арттыру, (6) ант қабылдау және (1) қызметшілермен шектеулерді қабылдау жөнінде міндеттемелерін сақтау кезінде жүзеге асқан, – дейді Данияр Әбдірахманов.

Аталған құқықбұзушылықтардың көбісі Бұқар жырау ауданының әкімі аппаратында орын алған.

Қағидалар талаптары өрескел бұзыла отырып, бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттардың құжаттарын қарау қорытындысы бойынша персоналды басқару қызметі емес конкурстық комиссия әңгімелесуге жіберілетін кандидаттарға қатысты шешім қабылдаған. Аталған тәртіпбұзушылықтар Бұқар жырау ауданының әкімі аппаратында, Қарағанды мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінде және Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаментінде орын алған (12 бұзушылық).

Қазіргі уақытта департаментпен жүргізілген профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша мемлекеттік органдарға орын алған бұзушылықтарды жою жөнінде ұйғарымдар ұсынылып, қазіргі уақытта ұйғарымдардың барлығы ескеріліпті.

Сондай-ақ, кеңес отырысында Шет ауданы Көктіңкөлі ауылдық округінің әкімі Қ.Қоршабековке қатысты қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактісі бойынша қызметтік тергептексеру кезінде жүргізілген баяндама тыңдалды.

Мемлекеттік қызметшіге қатысты тәртіптік іс жергілікті тұрғын А.Искакованың өтініші негізінде Департаментпен жүргізілген жоспардан тыс тексеріс қорытындысы негізінде қозғалған. Тексеріс қорытындысында мемлекеттік қызметшімен қызметтік әдеп нормалары бұзылғандығы анықталған. 2021 жылдың 17 сәуірінде әкімдіктің ғимаратында Қ.Қоршабеков пен өтініш иесі сөйлескен. Сөйлесу барысында мемлекеттік қызметші дөрекілік танытып, дауыс ырғағын көтеріп сөйлеп, өтініш иесін шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттар айту арқылы қорқытуға дейін барған. Аталған дерек өтініш иесімен ұсынылған аудиожазбамен дәлелденді. Анықталған бұзушылықтар, Көктіңкөлі ауылдық округі әкімінің іс-әрекеттерінде Әдеп кодексінің 5-тармағының 2-ші) және 9-шы) тармақшаларын бұзғандығын көрсетеді, – деді мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Ерқанат Мәжитов.

Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарына сәйкес, мемлекеттік қызметтегі тұлғалар жалпы қабылданған моральдық-әдептік нормаларын сақтауға, азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға, сонымен қатар, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға міндетті.

Қасымхан ҒАЛЫМ.

Басқа материалдар

Back to top button