Спорт

Мемлекеттік қызметкерлер бақ сынады

Наурыз мейрамы қарсаңында өңірде алғаш рет мемлекеттік қызметшілер арасында ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті. Қатысушылар тоғызқұмалақ, садақ ату, арқан тарту, асық ату және кір тасын көтеру сынды спорт түрлерінен бақ сынады.  

Суреттер: ұйымдастырушылардан

Біріншілікке алты қала, жеті ауданнан 200-ге жуық мемлекеттік қызметкер мен басқармалардан, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысындағы департаментінің мемлекеттік қызметшілері қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша, Асық ату турнирінде І орынды Шет ауданынан келген Бағлан Арыстанбеков иеленді. Ал, ІІ орынды абайлық Амангелді Нұрмұханов, ІІІ орынға қарқаралылық Асхат Баймақанов еншіледі.

Тоғызқұмалақ турнирінде І орын – Бұқар жырау ауданына бұйырды. ІІ орынды – Қарағанды қаласы, ІІІ орынды – Шет ауданының мемлекеттік қызметкерлері жеңіп алды.

Арқан тартуда нұралықтар алдына жан салмады. Одан кейінгі орындарға Бұқар жырау мен Абай ауданының қатысушылары табан тіреді.

Кір спортынан да бұқар жыраулықтар қарсылас шақ келтірмеді. Шет пен Қарқаралы ауданынан келген командалар одан кейінгі орындарды иеленді. Садақ ату спортынан да бұқар жыраулықтар қара үзді. Қарқаралы ауданы мен Қарағанды қаласының командасы ІІ және ІІІ орынды қанағат тұтты.

Ербол ЕРБОЛАТ.

Оrtalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button