Жаңалықтар

Мемлекеттік қызмет және жеке сектор: тәжірибені ел игілігіне біріктіру

Қазақстанда жеке секторда қызмет еткен мамандарды мемлекеттік қызметке тарту үшін барлық мүмкіндіктер жасалуда. Конкурссыз тағайындау, үлгілік біліктілік талаптардағы өзгерістер, әлеуметтік қолдау арқылы білікті кадрлар мемлекеттік қызметке еш кедергісіз келе алады, деп хабарлайды Ortalyq.kz МҚІД Қарағанды облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Суреттер департаменттің баспасөз қызметінен

Сондай жаның бірі – Ердос Майлыбаев. Ол еңбек жолын ветеринария саласынан бастаған. 2012-2017 жылдар аралығында ҚР АШМ ВБҚК Ақтоғай аудандық аумақтық инспекциясында ветеринариялық бақылау және қадағалау бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, Ақтоғай ауданының ветеринария бөлімінің бас маманы қызметін атқарып, тәжірибе жинады.

2017 жылы мемлекеттік қызметтен шығып, «Алаш-Агро» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің төрағасы болды. Ал, 2024 жылы қайтадан мемлекеттік қызметке оралып, Абай ауылдық округінің әкімі болып қызмет атқарады.

Материалды әзірлеген Ербол ЕРБОЛАТ.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button