Ресми

Мемлекеттік қызмет мінсіз болуы тиіс

Қарағанды облысындағы Əдеп жөніндегі кеңестің көшпелі мəжілісі 24 мамырда Абай ауданының əкімдігінде өтіп, оны кеңес төрағасы Ербол Жолданғар жүргізді.

Көшпелі мəжілісте Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзудың алдын алу, мемлекеттік қызметтер мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызметшілердің Əдеп кодексін сақтауы туралы мəселелер қаралып, сол бойынша Балқаш қаласы мен Абай ауданының əкімдері С.Сатаев пен С.Оспановтың есебі тыңдалды.

Бірінші кезекте сөз алған Балқаш қаласының əкімі Сапар Сатаев (онлайн форматта) өз есебінде қалада жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын 13 мемлекеттік мекеме (оның ішінде екі кент əкімінің аппараты мен 11 мемлекеттік мекеме) штат санындағы 85 адамның орнына 78 адам жұмыс істеп, 7 орын бос екенін айтты. Өткен жылы осындай 16 бос лауазымға, ал биылғы 4 айда 6 бос орынға конкурс жарияланып, оның жеңімпаздары сол орындарға орналасқан. Түрлі себептермен 20 адам (таза ауысымдық – 0,02 пайыз) жұмыстан босатылған.

Былтыр 25 қызметші оқытылса, соның 19-ы біліктілігін арттырып, 6-уы қайта даярлықтан өткен. Ал, ағымдағы жылы жоспарланған 35 адамның 16-сы оқып үлгерген.

Өткен жылы мемлекеттік қызметшілер арасында қызметтік əдеп нормаларын бұзуды болдырмау мақсатында офлайн жəне онлайн форматтарында өткізілген семинарлар 108 адамды қамтыған.

Жыл қорытындысы бойынша 81 мемлекеттік қызметші бағаланып, олардың 57-сі өте жақсы, 17-сі тиімді, 7-сі қанағаттанарлық баға алған.

Қадағалау органдары жүргізген тексерістердің нəтижесінде 2022 жылы 22 мемлекеттік қызметші тəртіптік жауапкершілікке тартылып, олардың 21-іне ескерту, 1-уіне қызметтік сəйкестік туралы ескерту жарияланған.

Одан əрі Сапар Сатаев өткен жылы Балқаш қаласының əкімі аппараты мемлекеттік қызмет көрсетуді бұзғаны үшін кінəлі тұлғаларды əкімшілік жауапкершілікке тартудың 5 фактісі, мемлекеттік арасында да 16 əкімшілік құқық бұзу, ал биылғы бірінші тоқсанда сондай 10 факті анықталғанын мəлімдеді.

Келесі кезекте Абай ауданының əкімі Сəбит Оспановтың осы мəселелер бойынша есебі тыңдалды. Ол өз есебінде мемлекеттік қызметтің бос лауазымдарына биылғы 5 айда 30 конкурс жарияланып, сонда жеңген 24 адам жұмысқа қабылданып, 6 адамның қызметі жоғарылағанын айтты.

Ауданда өткен жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы 150 іс-шара өткізіліп, 15 576 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Ал, 2 ауылдық округтің əкімі (Дубовка ауылдық округінің əкімі Е.Қысрауынов, Көксу ауылдық округінің əкімі А.Таранов) заң бұзуға жол бергені үшін əкімшілік жауапкершілікке тартылып, жергілікті атқару органдарының 10 қызметкері мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп, тағы басқа жағдайларда кемшіліктерге ұрынып, оларға да сондай жаза қолданылған.

Соған қарап, Мемлекет басшысының «…Бізге сапалық тұрғыдағы жаңа мемлекеттік басқарушылар керек» деген сөзі еріксіз еске түседі.

Мəжіліс соңында Абай ауданы əкімі аппаратының Əдеп жөніндегі уəкілі жəне Тəртіптік кеңесінің төрағасы Дастан Тұрсынов мемлекеттік қызметшілердің қызметтік əдепті сақтауына мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстары туралы есеп берді. Оның айтуына қарағанда, əдеп нормаларын бұзып, мемлекеттік қызметке кір келтіретін əрекеттер Абай ауданында кезікпеген.

Көшпелі мəжіліс барысында Қарағанды облысындағы Əдеп жөніндегі кеңестің мүшелері Рабиға Мұстафина, Гүлнар Құрбанбаева, облыстық Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Мұрат Төлеубаев баяндамашыларға сұрақтар қойып, өз ескертпелерін айтып, олардың есептері бойынша шешім қабылданды.

Ержан ИМАШ,
Ortalyq.kz

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button