Жаңалықтар

Мемлекеттік қызмет – маңызды міндет

      Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзудың алдын алу мақсатында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы филиалымен бірлесіп, заңнама талаптарын бұзған мемлекеттік қызметшілерге қатысты қаралған тәртіптік істерді сахналау жұмысын ұйымдастырды.

Аталған шара Агенттіктің бастамасымен ұйымдастырылған. Тәртіптік істі сахналау барысында мемлекеттік қызметшінің заңнама талабын бұзу фактісі көрсетіліп, Әдеп жөніндегі кеңесте тәртіптік жауапкершіліктің қаралуы көрсетілді. Яғни, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы филиалында біліктілік арттыру курстарында оқып жатқан жас мемлекеттік қызметшілер Әдеп жөніндегі кеңестің және оның хатшылығының жұмысымен танысуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, сахналау барысында қатысушылар мемлекеттік қызметші бұзған заңнама талаптарын өздері анықтап, салынатын тәртіптік жазаның түрін анықтады.

Жас мемлекеттік қызметшілерге заң талаптарын бұзу фактісі және ол үшін салынатын тәртіптік жазалардың түрлері тәжірибеде көрсетілген алғашқы шарада қызметтік көлікті мақсатсыз пайдалану және оны жүргізу барысында масаң күйде болу фактісі сахналанды. Алдағы уақытта бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Айта кету керек, Агенттік мемлекеттік қызметшілер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» атты кітапша әзірлеген екен. Кітапшада мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытындағы және жұмыстан тыс уақыттағы негізгі мінез-құлық қағидалары қарастырылған. Жағдаяттық мысалдар негізінде мемлекеттік қызметшілер үшін қысқаша нұсқау ұсынылған және тәжірибеде бейәдеп мінез-құлық фактілерінің ең көп тараған түрлері келтірілген. Кітап облыстағы барлық мемлекеттік қызметшілерге таратылыпты.

Азамат ЖОЛМАНОВ, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы филиалының директоры:

  • Мемлекеттік қызметшілерді тәрбиелеуге, Әдеп кодексінің нормаларын сақтауға бағытталған осындай сценарийлер арқылы біз тәжірибеде комиссия қалай жұмыс жасайтын, қалай өзін ұстауы керектігін көрсетеміз. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып бірнеше сценараий дайындалды, енді осындай сахналық қойылым тұрақты көрсетілетін болады.

Салтанат ИЛЬЯШОВА.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button