АймақТеміртау

Мемлекеттік тіл – сотта да маңызды

Өткен аптаның аяғында Теміртау индустриалды университетінде «Мемлекеттік тілді білу – маңызды мәселе» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оны қалалық сот ұйымдастырып, оған мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен тіл мамандары қатысып, сондай-ақ прокуратура, полиция өкілдері, қаладағы 5516 әскери бөлімнің қызметшілері мен құтқарушылар шақырылды.

Сурет: aqmeshit-aptalygy.kz

Өйткені бұл бүгінде сот саласында да маңызды болып отыр. Мұнда мемлекеттік тілде келіп, түсетін арыз-шағымдардың әрі қарай орысшаланып кетуі сот мамандарын да қатты алаңдатуда.

Бұл туралы Теміртау қалалық сотының төрағасы Есен Жұмабеков:

– Біз электрондық қылмыстық істердің қарап отырамыз. Олардың бәрі қазақ тілінде басталады да, ортасына келгенде орысшаға көшеді. Дөңгелек үстел басындағы кездесуде бұл мәселенің адвокаттарға байланысты екені анықталды. Себебі, осы қызметпен айналысатын заңгерлердің көпшілігі мемлекеттік тілді білмей, іс жүргізуді орыс тіліне ауыстырып жібереді, – дейді.

   Дөңгелек үстел басындағы кездесу соңында оған қатысушылар осы кемшілікті жою жөнінде тиісті жоспар жасады.

Ержан Имаш,

ortalyq.kz

ТЕМІРТАУ

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button