Мемлекеттік сатып алуда адами фактор жоқ
Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторды сатып алу саласындағы заңнаманы және құқық қолдану практикасын жетілдіру, оның ішінде отандық бизнестің оларға толыққанды қолжетімділігін қамтамасыз ету, тиімділік пен ашықтықты арттыру, сыбайлас жемқорлық көріністерін азайту мақсатында оларды өткізуді орталықтандыру арқылы жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау Қазақстан Республикасы Президентінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламаның тармақтарының бірі болды.
Конкурстық рәсімдерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және рәсімдерді оңайлату мақсатында мемлекеттік сатып алу туралы заңнама тұрақты негізде жетілдіріледі.
Мемлекеттік сатып алу процесіне адамның қатысуын болдырмау үшін 2022 жылғы 1 шілдеден рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, конкурстың жаңа тәсілі енгізілді.
Мемлекеттік сатып алу веб-порталы конкурстық баға ұсыныстарын және конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттарды автоматты түрде салыстырады және жеңімпазды айқындайды, бұл ретте конкурстық комиссия құрылмайды. Бұл жүйе баға мен сапа критерйлерінің үйлесімімен жеткізушіні автоматты түрде таңдауға көшуге мүмкіндік берді.
Рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, конкурс тәсілімен сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесіне құрылыс-монтаждау жұмыстары және жобалау жөніндегі жұмыстар кіреді (ҚР Қаржы министрінің 18.01.2022 ж. №46 бұйрығы) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізді, онда 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап, инжинирингтік қызметтерді (техникалық қадағалау және жобаларды басқару) сатып алуды рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, конкурс жүзеге асыратын болады.
Сондай-ақ, 2023 жылғы наурыздан бастап, конкурстық баға ұсынысына әсер ететін екі қосымша критерий енгізілді:
– әлеуетті өнім берушінің жұмыстарды орындау орны бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте болғаны үшін 1% мөлшерінде шартты жеңілдік беру. 400 мың теңгеден АЕК немесе 1 476 800 000 теңгеден аспайтын құрылыс-монтаждау жұмыстарын және құрылысқа байланысты емес жұмыстарды (техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі жұмыстарды қоспағанда) сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде қолданылады;
– әлеуетті өнім берушіде ағымдағы жылы жасалған мемлекеттік сатып алу туралы әрбір шарттың (немесе теріс мәннің) орындалуында болуы үшін жалпы шартты жеңілдіктің 0,1% шегерім. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын және техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалау-сметалық құжаттаманы, сондай-ақ инжинирингтік қызметтерді (техникалық қадағалау, жобалар басқармасы) әзірлеу жөніндегі жұмыстарды сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алуды жүргізу кезінде қолданылады.
2023 жылдың қазанынан мынадай өзгерістер енгізілді:
– құрылыс-монтаж жұмыстарын сатып алу кезінде демпинг 5%-дан 2%-ға дейін төмендетілді;
– автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстарына 5% мөлшерінде демпинг белгілеу. Бұған дейін автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары «Құрылыс-монтаждау жұмыстарымен бірге мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының» 73-тармағында көрсетілген болатын. Автомобиль жолдарын орташа жөндеу жөніндегі жұмыстарға өзгерістер енгізілгеннен кейін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 73-1-тармағына жеке шығарылды:
– автомобиль жолдарын орташа жөндеу бойынша жұмыстарды сатып алу кезінде теріс мәндер критерийін қолдану;
– автомобиль жолдарын орташа жөндеу бойынша жұмыстарды сатып алу кезіндегі жұмыс тәжірибесін есептеу жұмыс тәжірибесін растайтын құжат мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар, заңды тұлғалар тапсырыс берушілер болып табылатын объектілер бойынша орындалған жұмыстар актілерінің электрондық көшірмелері болып табылады және олармен үлестес заңды тұлғалар.
Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы өз өкілеттігі шеңберінде мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ретінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді, сондай-ақ, мемлекеттік сатып алуды және елішілік құндылық үлесін дамытуды талдауды жүзеге асырады.
Қарағанды облысының тапсырыс берушілері 2023 жылы жалпы сомасы 279 млрд. теңгеге 3524 конкурс/аукцион өткізді.
Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы облыстың мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде 2023 жылы жалпы сомасы 208,5 млрд.теңгеге 1065 конкурс/аукцион өткізді.
Сонымен бірге, Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында отандық тауар өндірушілерді қолдау және мемлекеттік сатып алулардағы қазақстандық қамтуды ұлғайту міндеті қойылғанын атап өткім келеді.
2023 жылдың қорытындысы бойынша «Қарапайым заттар экономикасы» шеңберінде нысаналы индикаторларға өнеркәсіптің барлық салалары бойынша қол жеткізілді. Елішілік құндылық үлесін талдау жиһаз, жеңіл тамақ, химия, фармацевтика, целлюлоза-қағаз, құрылыс материалдары және машина жасау өнеркәсібінің 8 саласы бойынша жүргізіледі.
Деректердің дұрыстығы есептілікті жинау процесін автоматтандыру есебінен қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар, басқарма тарапынан тұрақты негізде мемлекеттік сатып алу процесін заңнамалық реттеу мәселелері бойынша талдау жүргізу жұмыстары жүргізіліп, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне заңнаманы жетілдіру жөнінде тиісті ұсыныстар жасалынып отырылады.
2024 жылы мемлекеттік сатып алу басқармасының жұмысы облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, аудандардың/қалалардың және квазимемлекеттік сектордың мемлекеттік сатып алуды талдауын ұйымдастыруға және жүргізуге, мемлекеттік сатып алудағы елішілік құндылық үлесін талдауға және 2024 жылға белгіленген нысаналы индикаторларды орындауға бағдарланатын болады.
Басқарманың қызметі туралы барлық ақпарат (https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-goszakup) сайтта орналастырылған.
Азамат МҰҚАНОВ,
облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы.