Жаңалықтар

Мемлекеттік сатып алу негізі – әділдік

Мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы және құқық қолдану практикасын жетілдіру, оның ішінде отандық бизнестің оларға толыққанды қолжетімділігін қамтамасыз ету, тиімділік пен ашықтықты арттыру, сыбайлас жемқорлық көріністерін азайту мақсатында оларды өткізуді орталықтандыру арқылы жетілдіру жөнінде шаралар қабылдау – Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Игілік барлығына! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» атты сайлауалды бағдарламасының тармақтарының бірі.

Сурет басқармадан

Конкурстық рәсімдерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және рәсімдерді оңайлату мақсатында мемлекеттік сатып алу туралы заңнама тұрақты негізде жетілдіріледі.

Мемлекеттік сатып алу процесіне адамның қатысуын болдырмау үшін 2022 жылғы 1 шілдеден рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, конкурстың жаңа тәсілі енгізілді.

Мемлекеттік сатып алу веб-порталы конкурстық баға ұсыныстарын және конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттарды автоматты түрде салыстырады және жеңімпазды айқындайды. Бұл ретте конкурстық комиссия құрылмайды. Бұл жүйе баға мен сапа критерийлерінің үйлесімімен жеткізушіні автоматты түрде таңдауға көшуге мүмкіндік берді.

2024 жылғы ақпан айынан рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, «Мемлекеттік сатып алу конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қаржы министрінің 2022 жылғы 18 қаңтардағы № 46 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар, атап айтқанда, Техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтер және жобаларды басқару, сатып алу бойынша сатып алулар рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, конкурс тәсілімен жүзеге асырылады.

2024 жылғы сәуірден бастап келесідей өзгерістер енгізілді:

Критерий ретінде теріс мәндерді есептеу тәртібі.

– Рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде осындай әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып айқындалған қорытындылар туралы әрбір хаттама үшін нөл бүтін оннан бір пайызы (0,1 %) алынады.

Ішкі нарықты қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ұлттық режимнен жеңіл өнеркәсіптің 1162 тауарына (ҚРК 2024 жылғы 19 ақпандағы №99), машина жасау, химия, металлургия, құрылыс индустриясы, жиһаз өнеркәсібі және азық-түлік тауарлары салаларының 2 946 тауарына (ҚРК 2024 жылғы 16 наурыздағы №190 және №191), целлюлоза-қағаз өнеркәсібі бойынша 2 тауарға (2023 жылғы 13 қазандағы № 904 ҚРК) алынды.

Мемлекеттік сатып алу туралы жаңа заң жобасы.

Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында ағымдағы жүйенің проблемасын: ұзақ мерзімдерді, шағымдарды, ашықтықтың жеткіліксіздігін жою үшін мемлекеттік сатып алудың сапалы жаңа жүйесін енгізу міндеті қойылды.

Жаңа жүйе отандық кәсіпкерлікті одан әрі қолдауды қамтамасыз етуі тиіс.

«Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығына сәйкес мынадай өзгерістер қарастырылған:
– заңнан егжей-тегжейлі нормаларды алып тастау және бүкіл сатып алу процесі ережелер деңгейінде белгіленеді.

– заңнан сатып алуды өткізу мерзімдерін, сатып алуды өткізудің неғұрлым қысқартылған мерзімдерін, жиі сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер (күнделікті және апта сайынғы қажеттілік) бойынша 3 жыл мерзімге шарттар жасасу мүмкіндігін, жеңімпаз шарт жасасудан жалтарған не ол шарттық міндеттемелерді орындамаған жағдайда екінші өнім берушімен шарт жасасу мүмкіндігін регламенттейтін нормаларды алып тастау.

– адами факторды қоспағанда, сатып алу рәсімдерін барынша автоматтандыру, рейтингтік-балдық жүйені пайдалана отырып, сатып алуды кең қамту.

– үлгілік техникалық ерекшеліктерді бекіту бойынша заңда Қаржы министрлігінің құзыретін белгілеу, мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың орындалуына қоғамдық мониторингті енгізу, заңда Тапсырыс берушінің сатып алынатын тауардың атауын 1000 АЕК-ке дейін көрсету құқығын көздеу (бұрын Заңда көзделген);

– заңда білікті өнім берушілердің рейтингі арасында сатып алуды жүзеге асыру жөніндегі норманы көздеу, баға емес критерийлер негізінде рейтингті қалыптастыру жөніндегі тәртіп қағидалар деңгейінде белгіленсін.

Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы өз өкілеттігі шеңберінде мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ретінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды және елішілік құндылық үлесін дамытуды талдауды жүзеге асырады.

Қарағанды облысының тапсырыс берушілері 2024 жылы жалпы сомасы 309 млрд теңгеге 3585 конкурс/аукцион өткізді.

Қарағанды облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы облыстың мемлекеттік сатып алудың бірыңғай ұйымдастырушысы ретінде 2024 жылы жалпы сомасы 212 млрд теңгеге 1079 конкурс/аукцион өткізді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында 3 жыл ішінде реттелетін сатып алулардағы қазақстандық қамтудың үлесін кемінде 60%-ке дейін қамтамасыз ету міндетін қойып отырғанын атап өткім келеді.

2024 жылдың қорытындысы бойынша «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде барлық нысаналы индикаторларға өнеркәсіптің барлық салалары бойынша қол жеткізілген жоқ. Елішілік құндылық үлесін талдау жиһаз, жеңіл, тамақ, химия, фармацевтика, целлюлоза-қағаз, құрылыс материалдары және машина жасау өнеркәсібінің 8 саласы бойынша жүргізіледі.

Деректердің дұрыстығы есептілікті жинау процесін автоматтандыру есебінен қамтамасыз етілді.

Сонымен қатар, басқарма тарапынан тұрақты негізде мемлекеттік сатып алу процесін заңнамалық реттеу мәселелері бойынша талдау жүргізіліп, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне заңнаманы жетілдіру жөнінде тиісті ұсыныстар жасалады.

2025 жылы мемлекеттік сатып алу басқармасының жұмысы облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің, аудандардың/қалалардың және квазимемлекеттік сектордың мемлекеттік сатып алуды талдауын ұйымдастыруға және жүргізуге, мемлекеттік сатып алудағы елішілік құндылық үлесін талдауға және 2025 жылға белгіленген нысаналы индикаторларды орындауға бағдарланатын болады.

Басқарманың қызметі туралы барлық ақпарат сайтта орналастырылған: (https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-goszakup).

Азамат МҰҚАНОВ,
Қарағанды облыстық мемлекеттік сатып алу
басқармасының басшысы

Басқа материалдар

Back to top button