Мемлекеттік сайттар істен шықты
Бүгін елімізде eGov.kz, pki.gov.kz және басқа да мемлекеттік сайттар біраз уақыт істемей қалды. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ («ҰАТ» АҚ) жағдайға түсініктеме берді.

– Мемлекеттік органдардың серверлік орталығының инфрақұрылымындағы техникалық ақауға байланысты «ҰАТ» АҚ қолдау көрсететін бірқатар қызметтер уақытша қолжетімді емес. Осы себепті eGov.kz порталының, eGov мобильді қосымшасының, «Е-лицензия» және «Ашық үкімет» порталдарының, Мемлекеттік органдардың Бірыңғай интернет-порталының және «ҰАТ» АҚ басқа да жобаларының құрамдас бөліктерін пайдаланушылар қызметтердің ішінара қолжетімсіздігіне тап болуы мүмкін «, – деп хабарлады ұйым.
«ҰАТ» АҚ мамандары қызметтердің функционалдығын толық қалпына келтіру үшін бар күш-жігерін салды. Сайттар қалпына келтірілді.
– Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», – деп қосты «ҰАТ» АҚ.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА



