Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттілігіміздің белгісі

Құрметті жерлестер!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Мемлекеттік рәміздер – бұл мемлекеттілігіміздің белгісі, әрбір қазақстандықтың мақтанышы мен абыройы. Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы мен Әнұраны біздің егемендігімізді, халықтың бірлігін және оның жарқын болашаққа деген сенімін білдіреді.
Еліміздің Мемлекеттік рәміздері – Түркі қағанатының Бөрілі байрағы мен үш жүздің басын қосқан Абылай ханның ақ туының заңды жалғасы, тереңнен тамыр тартқан мемлекеттілігіміздің белгісі. Мемлекеттік рәміздер ғасырлар бойғы дәстүрлеріміз бен ұлттық тарихымыздың, бабаларымыз салып кеткен дара жолымыздың және халқымыздың асқақ рухын бейнелейді.
Бұл мереке бізге Тәуелсіздік құндылығын және Отан үшін жауапкершілікті есімізге салады. Қазақстанның Туы әрдайым көкте желбіреп, бізді жаңа жетістіктерге шабыттандырсын! Бірлігіміз нығайып, Отанымыз өркендей берсін!
Мереке құтты болсын!
Ермағанбет Бөлекпаев,
Қарағанды облысының әкімі
Нұркен Кобжанов,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы