Ресми

Мемлекеттік мекемелер журналистердің жазбаша сұрағына 5 күнде жауап беруі тиіс

«Масс медиа» туралы Заң жобасы, Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте БАҚ өкілдеріне жан-жақты түсіндірілді. Бірінші оқылымда қабылданған өзгерістер арасында журналистердің сұрағына мейлінше жедел жауап беру тетіктері қарастырылған. Мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелер БАҚ сұрау салса, 5 жұмыс күні ішінде жауап беруге міндеттеледі, деп хабарлайды ortalyq.kz Qazaqstan ұлттық телеарнасына сілтеме жасап.

Сурет: Ашық дереккөз

– Кей сұрақтар зерделеніп жан-жақты, оның жаңағы қаражат болуы мүмкін, статистика болуы мүмкін, соларды анықтау көбірек уақытты талап етеді. Сондықтан біз осы тұрғыда 5 күн деп белгіледік. Ол деген сол 5 күнге дейін ұстап отырады деген сөз емес. Мемлекеттік органдар да өздері де тез жауап беруге мүдделі, – дейді ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева.

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button