Бас тақырыпЖаңалықтар

Мемлекеттік мүлік департаментінің басшысына сот үкімі шықты

Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының соты Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы Д.Хамзин мен осы департаменттің қаржылық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы К.Қашқынбаевқа қатысты үкім шығарды.

Сурет:gov.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше Д. Хамзин Қазынашылық департаментінің ғимаратын ағымдағы жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актісіне қол қою үшін 1 млн теңге көлемінде пара алған. Сонымен қатар ол К.Қашқынбаевпен бірге үлестес тұлғаларды жалған жұмысқа орналастыру арқылы 2,5 млн теңге жымқырды деп айыпталып отыр. Сот аталған тұлғаларды кінәлі деп танып, Д.Хамзинға 55 млн теңге, К. Қашқынбаевқа 25,4 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындады. Сондай-ақ оларға мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Ілияс ДҮНГЕНБАЙҰЛЫ.

Басқа материалдар

Back to top button