Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер: тиісті ұсыныстар әзірленді
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Жандос Сәрсен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысын өткізді. Отырыста департаментпен ІІ жартыжылдықта жүргізілген жоспарлы тексеріс қорытындылары талқыланып, анықталған бұзушылықтарды алдағы уақытта болдырмау үшін тиісті ұсыныстар әзірленді.
Сонымен қатар, департаметпен 49 әлеуметтік сала қызмет түрлерін көрсетуді жетілдіру және бизнес процестерді оңтайландыру мақсатында жүргізілген талдау қорытындысы талқыланып, нәтижесінде 58 ұсыныс әзірленді. Бұдан бөлек, облыстық ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасы басшысының және Приозерск қаласының әкімінің ЖАО-мен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бағытында атқарылып жатқан жұмыстарының есептері тындалды.
Талқылау қорытындысы бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының мүшелері тиісті ұсынымдар берді.
Департаменттің баспасөз қызметі.