Бас тақырып

Мемлекеттік аудит заңбұзушылықтарға тосқауыл қойды

Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында мемлекеттік сатып алуларға жан-жақты талдау жүргізді. Осы кезеңде жалпы құны 668,6 млрд теңге болатын 17 352 лот қаралуға жоспарланған болса, оның ішінде 647,5 млрд теңгені құрайтын 17 057 лот аудитпен қамтылды.

Сурет zhaikpress.kz

Нәтижесінде, 1 697 лот бойынша, жалпы сомасы 68,2 млрд теңгеге тең бұзушылықтар анықталды. Аталған деректер негізінде 1 599 лот бойынша (57,2 млрд теңге) уәкілетті органдарға хабарламалар жолданды.

Жіберілген бұзушылықтарға байланысты келесі шаралар қабылданды:
• 163 хабарламаға сәйкес, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер енгізіліп, шарт жобалары кері қайтарылды;
• 292 хабарлама негізінде конкурстық (немесе аукциондық) құжаттамаларға түзетулер енгізілді;
• 1 103 хабарлама аясында мемлекеттік сатып алу шарт жасалғанға дейін жойылды;
• 41 жағдайда қорытынды хаттамалар хабарламаларға сәйкес келтірілді.

Аудит қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабының 3-бөлігін бұзған лауазымды тұлғаларға 13 әкімшілік хаттама толтырылып, материалдар сотқа жолданды.

Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар үшін ҚР ӘҚБтК-нің 207-бабына сәйкес 10 әкімшілік хаттама толтырылды.

Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекеттік қаражатты тиімді пайдалану, ашықтық пен заңдылықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып келеді.

Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Back to top button