Жаңалықтар

Мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бағытындағы талдау жұмыстары жалғасуда

Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар шешім қабылдау тиімділігі мен жеделдігін арттыруға, артық құжат айналымы мен есептілікті қысқартуға, сондай-ақ басшылардың дербестігі мен жауапкершілігін күшейтуге бағытталған.

Осы мақсатта тамыз-қыркүйек айларында МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаментімен  Мәдениет және ақпарат министрлігінің салаларына талдау жүргізілуде. Жұмыс мәдениет, тарихи-мәдени мұра, кино, архив ісі, құжат айналымы, ономастика және креативті индустрия салаларын қамтиды.

Кездесу қорытындысы бойынша жұмыс тобына ұсыныстар беру тәртібі түсіндірілді және нұсқаулықтар берілді.

МҚІА Қарағанды облысы бойынша департаменті

Басқа материалдар

Back to top button