Бас тақырып

Мемлекеттің қалқаны – ержүрек сарбаздар

Сурет tolqyn.kz

Құрметті Отан қорғаушылар!

Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл күн – еліміздің қорғаныс саласында жүрген азаматтар үшін мәні терең ерекше күн. Күн сайын сіздер Тәуелсіз Қазақстанның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өздеріңіздің азаматтық борыштарыңызды адал және жанқиярлықпен орындап келесіздер. Бұл мереке – өз тағдырын Отанды қорғаумен байланыстырған әскери қызметшілер мен ардагерлердің, запастағы офицерлер және қорғаныс саласында еңбек етіп келе жатқан барлық азаматтардың мерекесі.

Бүгінде еліміздің Қарулы Күштері мемлекеттік биліктің, ұлттық бірлік пен тұрақтылықтың басты нышандарының бірі болып саналады. Қазақстан армиясы – қаһармандық пен табандылықтың, патриотизмнің даңқты дәстүрлерін жалғастыра отырып, кез келген уақытта сырттан төнетін сын-қатерлерге жауап беруге дайын заманауи, мобильді және кәсіби құрылым.

Құрметті жауынгерлер мен ардагерлер!
Сіздерге еліміздің қорғаныс саласын дамыту мен бейбітшілік пен тыныштыққа қосқан үлестеріңіз үшін шын жүректен алғыс білдіре отырып, дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға бақ-береке тілейміз. Еліміздің іргесі берік, аспаны ашық болсын!

Ермағанбет БӨЛЕКПАЕВ,
Қарағанды облысының әкімі,
Нұркен КОБЖАНОВ,
Қарағанды облыстық мәслихатының төрағасы

Басқа материалдар

Back to top button