Бас тақырыпРесми
Мемлекет тасқын судан зардап шеккен бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды – Президент
6 сәуірде сағат 13.00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін бірқатар өңірлердегі су тасқыны жағдайына байланысты Қазақстан халқына үндеу жолдады.
– Жағдай өте күрделі болса да, біз қиындықты міндетті түрде еңсереміз, барлығын қалпына келтіреміз. Ең бастысы – азаматтардың амандығы. Тасқын судан зардап шеккен азаматтарға айтарым, мемлекет бірде-бір адамды ескерусіз қалдырмайды. Баршаңызға қаржылық және басқа да көмек беріледі. Материалдық шығындар толық өтеледі. Біз алапат су тасқынынан тиісті қорытынды шығаруымыз керек. Яғни, жіберілген олқылықтарды түзетіп, тиісті сабақ алуымыз қажет. Ал ондай сабақтар аз емес, – деді Мемлекет басшысы.
Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА