Ресми

Мемлекет басшысы: «Визасыз режім туризмді дамытады»

Мемлекет басшысы Қытай сапарында қол қойылған визасыз режім екі елдің туризм саласына оң әсер ететінін айтты, деп хабарлайды Ortalyq.kz Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

– Мәдениет және білім саласындағы ынтымақтастықты, сондай-ақ туризмді дамыту қажет. Жеке адамдардың қарым-қатынасы мемлекетаралық байланыстарды нығайтуға септігін тигізері сөзсіз. Қазақстан мен Қытай азаматтарының екі ел арасында 30 күнге дейін визасыз жүруіне мүмкіндік беретін үкіметаралық келісімге қол қойылды. Бұл құжат іскерлік байланыс аясын кеңейтіп, туристер легін арттыруға ықпал етеді деп сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Президент туристік операторлардың тізімін жасауды ұсынды.

– Орталық Азия елдерінің мәдениеті – бай, көрікті жерлері де – көп. Соның бәрі қытайлық туристер үшін қызықты болары анық. Осы орайда мен «Жібек жолы» туристік операторларының тізімін жасауды ұсынамын. Топтық турлар үшін визасыз режим енгізіп, бірыңғай туристік кластер құру қажет. Сол кезде қытай туристері бір сапарда Орталық Азияның бірнеше еліне бара алады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button