Бас тақырыпБасты тақырып
Мемлекет басшысы туризм саласында кәсіби мамандар тапшы екенін атады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында туризм саласындағы түйткілді мәселелерге тоқталды.

–Шынын айту керек, кәсіби кадрлар тапшы. Осы саладағы бәсекеге қабілетіміз әлі де шамалы. Мен шілде айында туристік жердің бәрін ретке келтіру жөнінде тапсырма бердім. Бұл жұмыс менің жеке бақылауымда. Жұрт жиі баратын демалыс орындарынан бөлек, болашағы зор басқа да бағыттардың әлеуетін дамыту маңызды.
Жергілікті атқарушы органдар әрдайым туризм инфрақұрылымын жан-жақты дамытуға баса мән беріп, осы жұмысқа жауапты болады. Ал шетелден туристер тарту мәселесі және отандық туризм саясатын заң тұрғысынан қамтамасыз ету орталық органдардың назарында болады, – деді Мемлекет басшысы.
Аяулым СОВЕТ