Мемлекет басшысы Тараз қаласындағы Студенттер үйіне барды
Президенттің тапсырмасы бойынша 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап жоғары оқу орындары студенттерінің стипендиясы 20 пайызға, магистранттар мен докторанттардың стипендиясы 15 пайызға өсті. 2025 жылға дейін қазақстандық ЖОО студенттерінің шәкіртақысы 2 есе көбеймек.
2022 жылы грант саны 7 есе артып, 88 204 орынды құрады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының студенттерімен әңгімелесіп, институттың қызметімен танысып, студенттердің бөлмелерін аралап көрді.
ortalyq.kz