Жаңалықтар

Мемлекет басшысы үш заңға қол қойды

Ақорда сайтында мемлекет басшысының үш заңға қол қойғаны жарияланды.

Сурет: inbusiness.kz

– «Қазақтың ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;

– «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;

– Экологиялық құқық бұзушылықтар мен вандализм көріністері үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, – делінген хабарламада.

Тазы мен төбеттер тұқымын көбейту үшін мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

Екінші заңға сәйкес, шенеуніктерге кірістер мен шығыстар арасындағы айырмашылық үшін айыппұл салынып, жұмыстан шығарыла бастайды. Заң 2027 жылдан бастап күшіне енеді.

Үшінші заң бойынша вандализм үшін айыппұлдар өседі.

Басқа материалдар

Back to top button