Мемлекет басшысы сэр Сума Чакрабартиді қабылдады

Кездесу барысында Президент сэр Сума Чакрабартиге экономикалық даму мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесші лауазымында атқарған жемісті еңбегі үшін алғыс айтты.


Қасым-Жомарт Тоқаев оның Реформалар жөніндегі жоғары кеңес аясында айтқан ұсыныстары бірқатар бағдарламалық құжаттарда қолдау тапқанын атап өтті.

Мемлекет басшысы сондай-ақ Сума Чакрабартидің Қазақстанның инвестициялық саясатын жетілдіруге қосқан үлесіне оң баға берді.
Өз кезегінде Сума Чакрабарти зор сенім артқаны үшін Мемлекет басшысына ризашылығын жеткізді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.