ПрезидентРесми

Мемлекет басшысы: Республикалық маңызы бар күре жолдар 100 пайыз жөнделеді

– Өңірлерді, қалаларды, аудандар мен ауылдарды өзара байланыстыратын инфрақұрылымды жақсартуға басымдық беріледі. Бұл туралы бүгін жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Аумақ пен кеңістік тұрғысынан еліміздің теңгерімді дамуына тоқталсақ, бұл ретте барлық өңірлерді біртұтас экономикалық кеңестік арқылы байланыстыратын аса маңызды салаларды дамытуға баса назар аударамыз. Атап айтқанда, көліктік, энергетикалық және цифрлық инфрақұрылымдар біз басқара алатын урбанизацияны ескеріп, даму ошақтарын жүйелі ілгерілетуге күш салымыз. Өңірлерді, қалаларды, аудандар мен ауылдарды өзара байланыстыратын инфрақұрылымды жақсартуға басымдық беріледі», – деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, жаңа стандарттарға сәйкес 3500-ден астам ауыл жаңғыртылады.

«Айналасындағы елді мекендердің тірегі саналатын әрбір ауылға баратын жолдар мен республикалық маңызы бар күре жолдар 100 пайыз жөнделеді», – деді Қ. Тоқаев.

ҚазАқпарат.

Басқа материалдар

Back to top button