Мемлекет басшысы ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның жаңа құрамын бекітті

Комиссия құрамына кіргендер:
Алауханов Есберген – «Наука и жизнь Казахстана» халықаралық ғылыми журналының бас редакторы;
Бейсембаев Ғани – Қазақстан Республикасының Білім министрі;
Есқараев Азамат – Қазақстан Республикасының Әділет министрі;
Артур Ластаев – Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл;
Нұрбек Саясат – Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі;
Асхат Оралов – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;
Ударцев Сергей – Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы;
Хасанова Шахноза – «Сана Сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры.
Президент жарлығына сәйкес, комиссия құрамынан шығарылғандар:
Дәурен Абаев – Мәдениет және спорт экс-министрі;
Эльвира Азимов – Конституциялық сот төрағасы;
Қанат Мусин – Конституциялық Соттың судьясы ;
Еркін Оңғарбаев Конституциялық соттың судьясы;
Иоган Меркель – Конституциялық Кеңестің бұрынғы мүшесі.