Бас тақырып
Мемлекет басшысы Онлайн платформалар және онлайн жарнама туралы заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онлайн-платформалар және онлайн-жарнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Енді блогерлер желідегі жарнамасын таңбалауға, салық төлеуге міндеттеледі.
Сондай-ақ заң жобасына сәйкес, жалған ақпарат үшін жаңа айыппұл енгізіледі. Жалған ақпарат таратқаны үшін 20 АЕК (69 000 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады. Егер дәл осы әрекетті қайталаса, айыппұл екі еселенеді.
БАҚ-та ресми жарияланғаннан кейін заң 60 күннен кейін күшіне енеді.