“Президент премьер-министр Олжас Бектеновке тапсырма берді” деп хабарлайды Ortalyq.kz Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы осы аптаның соңына дейін азаматтардың мүддесін ескере отырып, үкіметтің экономикалық реформалар бағдарламасын іске асыру үдерісін реттеуге қатысты нақты шаралар әзірлеуді тапсырды.

Үкіметке шағын және орта бизнесті қолдауға, инвестициялық ахуалды жақсартуға, сондай-ақ елдегі экономикалық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған түзетулер енгізіп, қажетті шешімдер қабылдау міндеті жүктелді.
Мемлекет басшысы үкіметтің экономикалық саясатының негізгі параметрлері Қазақстанның стратегиялық мүддесіне сай келеді, сонымен қатар онда жаһандық конъюнктура мен қазіргі нарықтық үрдістер ескерілген деп санайды.
Материалды әзірлеген Аяулым СОВЕТ