Бас тақырыпРесми

Мемлекет басшысы облыс әкімін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облысының әкімдерін қабылдады. Президентке облыстардың әкімдері өңірлердің былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде баяндады, деп хабарлайды Оrtalyq.kz Аkorda.kz сайтына сілтеме жасап.

Аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев Президентке тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен әлеуметтік салаларда атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйі, инвестиция тарту ісі, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өндірісінің қарқыны туралы мәлімет берді.

Ермағанбет Бөлекпаев 53 ірі жобаны жүзеге асыру қолға алынғанын, нәтижесінде 12 мың жұмыс орны ашылатынын айтты. Оның айтуынша, облыста шағын және орта бизнес субъектілерінің саны артып келеді. Жергілік органдар құны 18 миллиард теңге болатын 5,5 мың жобаны қаржыландырып 5,8 мың жұмыс орнын ашуды  жоспарлап отыр. Сонымен қатар былтыр өңірде 597,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ауыл шаруашылығы саласында өткен жылы 1,2 миллион гектардан астам  жер қайтарылды. Биыл игерілмей жатқан 580 мың гектар  жерді қайтару жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысына әлеуметтік саладағы жоспарлар жөнінде баяндалды. Атап айтқанда, ауылдық елді мекендерде 92 медицина нысаны салынады, ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау саласын жаңғырту аясында 2 ауданаралық аурухана құрылады. Сондай-ақ Қарағанды медицина университеті жанынан 300 орындық клиника мен 200 орындық перинатальдық орталық салу қарастырылған.  Облыста 2023–2025 жылдар аралығында 18 заманауи мектеп салынуға тиіс.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев облыстардың әкімдеріне былтыр өңірлерге жұмыс сапары барысында берген тасырмалары уақытылы әрі сапалы орындалуға тиіс екенін айтты. Сондай-ақ өңірлердің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын одан әрі қамтамасыз етуді және азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button