Ресми

Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Президентке VIII сайланған Парламенттің төменгі палатасының қызметі туралы мәлімет берілді, деп хабарлайды ortalyq.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сурет: aqorda.kz

Ерлан Қошановтың баяндамасынан:

— Сессия басталғаннан бері Мәжіліс депутаттарының қарауында 75 заң жобасы болды. Оның 14-і қабылданып, Сенатқа жолданды;
— Қазіргі уақытта депутаттардың қарауында онлайн-платформалар, заңсыз сатып алынған активтерді қайтару, «Ұлттық қор – балаларға» бастамасын жүзеге асыру, қоғамдық бақылау, тұрғын үй қатынастарын жетілдіру туралы заң жобалары бар;
— Сайлаушылармен жұмыстың күшейтілгені туралы айтты. Азаматтарды қабылдау, комитеттердің салалық және көшпелі отырыстары тұрақты өткізіліп тұрады. Депутаттар халықтың       өзекті мәселелеріне қатысты сауалдарды жиі жолдай бастады;
— Жуырда 2022 жылғы республикалық бюджеттің жұмсалуы туралы Үкіметтің және Жоғары аудиторлық палатаның есебіне қатысты қоғамдық тыңдалым өтеді;
— Мәжіліс Төрағасы парламенттік дипломатия аясындағы жұмыстың қорытындылары туралы айтты;
— Мәжіліс биыл маусым айында Қазақстанның төрағалығы аясында БҰҰ қолдауымен ұйымдастырылатын Орталық Азия елдері әйелдерінің диалогының бірінші отырысын өткізуге       дайындалып жатыр.

Басқа материалдар

Back to top button