Бас тақырып

Мемлекет басшысы лауазымды адамдардың протоколдық сатысын бекітті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі лауазымды адамдардың протоколдық сатысын бекітті.

Сурет forbes.kz

Мемлекетішілік іс-шараларды өткізу кезіндегі Қазақстан Республикасы лауазымды адамдарының протоколдық сатысы осылай қалыптасты:

1.Президент

2. Премьер-Министр

3. Парламент Сенатының Төрағасы

4.Парламент Мәжілісінің Төрағасы

5. Мемлекеттік кеңесші

6. Президент Әкімшілігінің Басшысы

7. Экс-Президенттер

8. Конституциялық Сот Төрағасы

9. Жоғарғы Сот Төрағасы

10. Ұлттық Банк Төрағасы

10-1. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары

10-2. Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары

11. Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы

12. Бас Прокурор

13. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы

14. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы

15. Президенттің Іс басқарушысы

15-1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы

15-2. Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы

16. Премьер-Министрдің орынбасарлары (тағайындалған күні бойынша)

17. Президенттің көмекшілері (тағайындалған күні бойынша)

18. Президент Кеңсесінің бастығы

19. Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы

20. Алып тасталды – ҚР Президентінің 12.01.2025 № 779 (06.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

21. Парламент Сенаты Төрағасының орынбасары

22. Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары

23. Ішкі істер министрі

24. Қорғаныс министрі

25. Сыртқы істер министрі

26. Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы

27. Алып тасталды – ҚР Президентінің 12.01.2025 № 779 (06.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

28. Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін агенттіктердің төрағалары (тағайындалған күні бойынша)

29. Үкімет Аппаратының Басшысы

30. Министрлер (тағайындалған күні бойынша)

30-1. Президенттің кеңесшілері

31. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың әкімдері (тағайындалған күні бойынша)

32. Алып тасталды – ҚР Президентінің 12.01.2025 № 779 (06.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

33. Президенттің арнаулы өкілдері

34. Президенттің Парламенттегі Өкілдігінің басшысы

35. Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасарлары

36. Президенттің Протокол қызметінің бастығы

37. Президенттің Баспасөз хатшысы

38. Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары

39. Парламент депутаттары (тектерінің мемлекеттік тілдегі әліпбилік ретімен)

40. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы

41. Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл

42. «Алтын Қыран» орденінің иегерлері мен «Халық қаһарманы» және «Қазақстанның Еңбек Epi» атақтарына ие болған адамдар

43. Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары (тағайындалған күні бойынша)

44. Конституциялық Соттың судьялары (тағайындалған күні бойынша)

45. Жоғарғы Соттың судьялары (тағайындалған күні бойынша)

46. Төтенше және Өкілетті елшілер (тағайындалған күні бойынша)

47. ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл және Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл

48. Сот әкімшілігінің басшысы

49. Ұлттық компаниялардың басшылары

50. Өзге де мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер

51. Қазақстандық саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктердің басшылары

Материалды әзірлеген Аида РАХЫМҚҰЛОВА

Басқа материалдар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Back to top button