Мемлекет басшысы көңіл айтқан барша жанға ризашылығын білдірді
Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы қайғылы оқиғаға орай көңіл айтқан барлық шет мемлекеттер басшылары мен қазақстандықтарға ризашылығын білдірді.

– Қаза болған кеншілердің отбасыларына көңіл айтып, осынау қиын сәтте жылы лебіздерін жолдап, қолдау көрсеткен мемлекеттер басшыларына, қоғам қайраткерлеріне, азаматтарға шынайы ризашылығымды білдіремін, – деп жазды Мемлекет басшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.